Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты қазақстандықтарға кезекті Жолдауын жариялады. Онда ел болашағы жолындағы игі істер жайлы жан-жақты аталып өтілді.
Жолдауда бірінші кезекте пандемиаға байланысты айтылды. Қазақстан халқы өзге мемлекеттер сияқты пандемианы еңсеріп, алға ұмтылу керектігі сөз етілді. Қазақстанда арнайы вакцина жасалғаны үлкен еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Тағы бір тоқталып өткен мәселе зиялы қауым өкілдерін ел болашағы ісіне тарту керектігі. Бұл тұрғыдан алғанда біздің қалалық ардагерлер кеңесі алдағы уақытта осы бағытта жүйелі жұмыстар жасайтын болады.
Сонымен қатар Жолдауда денсаулық жүйесін жетілдіру күн тәртібіндегі түйткілді істің бірі екендігі аталып өтілді. Экология мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл өте орынды. Соның ішінде біздің Қызылорда аймағы үшін аса қажетті шара болмақ. Сондай-ақ көптен бері айтылмай жүрген су шаруашылығынада айрықша тоқталып өтті. Суды үнемді пайдалану. Су саясатын жетілдіру және егіс алқаптарын әртараптандыру жайы тұшымды пікір болғаны еліміздегі су мәселесін шешуге оң ықпал етеді деп сенемін. Еліміз бойынша 9 су қоймасы салынатындығы орынды бастама дер едім. Президент Жолдауында айтылған келесі келелі мәселе тіл туралы. Оның даму жолдары жөнінде жан-жақты тоқталып өтті. Расыменде ана тілі ұлт болашағы. Сондықтан Жолдауда айтылған ой тіл саясатының оң бағытқа жол ашуының негізгі тетігі болмақ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткен бағыттардың барлығы ел болашағы жарқын бастама болмақ.
Сұлтанбек ТӘУІПБАЕВ,
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!