Мемлекеттік құпия туралы заңға өзгеріс енеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 желтоқсанда сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білім беру саласындағы шектен тыс заңнамалық реттеуді жою туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Заң жобасы президенттің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері туралы, президенттің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді мемлекеттік құпиялар қатарына қосуды көздейді. Бұл экс-президенттерге де қатысты.
«Мемлекеттік құпиялар туралы» заңында барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызмет саласындағы мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер енгізіледі. Президент, бұрынғы президент денсаулығы мен жеке өмiрiнiң жай-күйi туралы мәлiметтер де соған қосылады», – делінген заң жобасында. Бұған дейін бұл түзетулер Мәжілісте талқыланбаған. Олар бастапқыда басқа заң жобасына қосылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!