Жексенбі, 24 қараша, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ерлан Қошанов Amanat партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

26.04.2022

667 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.

«Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдамтыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат», деді Қасым-Жомарт Тоқаев партияның ХХІІІ сьезінде.

AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов съез делегаттарына ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ерлан Қошановты партия төрағалығына сайлау туралы ұсынысына дауыс беруді ұсынды. Дауыс бергендер Мәжіліс спикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

«Құрметті Ерлан Жақанұлы, сізді барлық делегаттар атынан AMANAT партиясының төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз», деді Асхат Оралов.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр.

21 сәуірде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Президент осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді. Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді.

Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: