Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ет жемеймін. Теріден тігілген киім кимеймін. Жылдың жас министрі қызметіне лайық па?

04.01.2023

1126 0

2023 жылдың алғашқы күндері үкіметтегі ауыс-түйістен басталды. Осылайша президент жарлығымен Серікқали Брекешев қызметінен кетіп, оның орнына 32 жастағы Зүлфия Сүлейменова экология министрі болып тағайындалды. «Ең жас министр» атанған Зүлфия Сүлейменова кім және ол туралы не білеміз?

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылдың 25 ақпанында Ақтөбеде дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аяқтаған екен. Жапония ұлттық саяси зерттеулер институтында оқып, «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағларламасы бойынша PhD дәрежесін алған. Сонымен қатар президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 

Сүлейменова еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері ретінде бастаған. 

Ал 2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарып, 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаты болып сайланды. Бұдан бөлек «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобының мүшесі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. Сүлейменова үш тілді меңгерген: қазақ, орыс және ағылшын. 

Ең жас министр бір жыл бұрын «Хабар 24» арнасындағы «Модный словарь» бағдарламасына сұхбат берген. Мұнда ол сәнге қатысты сауалдарға жауап беріп, киім таңдағанда неге назар аударатынын айтты. Сондай-ақ өзін су тұтыну мәселесі де қатты алаңдатынын жеткізді. 

«Киім таңдағанда сапалы болуына назар аударамын. Оны 5-10 жыл кисем де, формасын жоғалтпауы керек. Ал жұмыстан тыс уақытта Жапонияда не кисем, Қазақстанда да соны киемін. Мені су тұтыну мәселесі қатты алаңдатады. Себебі бір пиджакты дайындау үшін 12-15 мың литр су жұмсалады.

Табиғи теріден тігілген киімдерді кимеймін. Бұл – менің принципім. Өйткені жануарларға деген гуманистік қарым-қатынас адамдардан басталу керек деп есептеймін. Сондықтан ет жемеймін, теріден тігілген киім кимеймін, жануарларға сыналған косметиканы пайдаланбаймын. Әрі зообақ пен дельфинарийге бармаймын», – деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: