Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Халықпен байланыс бірінші кезекте болуы тиіс

12.01.2022

423 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы Қазақстан халқына үндеуінде баса айтқан мәселе – билік пен халық арасындағы тығыс байланыс. Яғни Президент Қазақстанның «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын күн тәртібінен түсірмеуді тапсырды.

Расымен әр мемлекеттің дамуы, ілгері қадам жасауы үшін халықтың пікірі аса маңызды. Халық қашанда өз қажеттіліктерін айтып, ел өркендеуіне оң үлес қосатын пікірлерін алға тартса. Мемлекет бұл ұсыныстарды қабылдап, тиімді шешім шығарса ел дамуы алға басатыны анық. Облыстық мәслихат депутаттары осы мақсатта қабылдаулар өткізіп, әкімшілік пен билікке халықты мазалаған мәселелерді жеткізіп жүр. Одан бөлек халықпен кездесіп, аумақтарды аралау барысында да тұрғындардың өтініш-талаптары тыңдалып келеді.

Ендігі кезекте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл жұмыстар легі одан әрі қарқынды жалғасын табуы керек. Қазақстанның даму сатысында тапжылмай ілгерілеуі, оң нәтижелерге қол жеткізіп, жетістікке жету жолында халықпен байланыс бір мезетке де тоқтамайды. Басты мақсат – ел дамуы жолында қарқынды еңбек етіп, халықтың мұң-мұқтажын назарда ұстау. Міне, осы сәтте Қазақстан жаңа кезеңге қадам басып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылады.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

Облыстық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: