Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ибадулла Құттықожаев, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы: «Ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстарға сенеміз»

26.11.2022

1133 0

Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау шарасы жоғары деңгейде өтті. ҚР  Президенті болып сайланып, ант қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 7 жылдық қызметін халықпен бірге абыроймен атқаратынына сенімді. Өзінің сайлауалды бағдарламасына қатысты жоспарланған шаралардың барлығын іске асыруды бүгіннен бастайтынын және алғаш қол қоятын жарлығы ауылды өркендетуге арналатынын атап өтті. Алдағы Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты  құжатқа да бүгін қол қоятынын жеткізді. Жастарға да үлкен сенім артатынын атап өтті.

«Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін үкімет» –  қағидасы бойынша жұмыс жасалатынына назар аударды. «Әлілетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам» құруда алда үлкен міндеттер тұр. Біз оған бірлесе жұмылып жұмыс жасап жетеміз. Ең басты тірегіміз – халық!»- деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

  Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді орындауға сенімі мол. Ел игілігі үшін атқарылар жұмыстардың абыроймен іске асатынына біздің де үмітіміз зор. Еліміз өсіп-өркендей берсін!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: