Жексенбі, 24 қараша, 04:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ірі кәсіпорындар 5 жыл сайын экологиялық аудит жасауы керек – Жолдау

01.09.2023

422 0

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуға тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы жиілеп кеткеніне тоқталды.

«Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген тақырыппен жариялап отыр.

Бұған дейін жазғанымыздай, Парламент палаталарының бірлескен отырысына депутат-министрлермен бірге еңбек адамдары да жиналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: