Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Керделі тұрғындары өзгерістерге оң көзқарас білдірді

01.06.2022

710 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі Балайым Кесебаева өңірдегі сапары барысында Шиелі ауданындағы Керделі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.


Мәжіліс төрағасының орынбасары алдағы өтетін Референдумге қатысудың мәні мен әр тұрғынның дауысы маңызды екенін тілге тиек етіп, әрбір қазақстандық дауыс беру арқылы өз болашағын таңдайтынын және конституциялық реформа жаңа мемлекеттік үлгіні қалыптастырудың басты тетігі екенін атап өтті.


«Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз. Референдумға қатысып, ой-пі¬кірлеріңізді ашық айту, қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар. Бәріміз бір кісідей жұмылсақ қана өзіміз қалағандай Қазақстанды құра аламыз. – деді Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева.


Жалпыхалықтық референдумды қолдауға арналған басқосуға облыстық штабтың мүшесі Манат Алмашева мен аудандық штабтың мүшелері қатысып, тұрғындарды науқаннан тыс қалмауға шақырды.


Кездесуде ауыл ақсақалдары орын алып жатырған өзгерістерге оң көзқарастарын білдіріп, тұрғындар референдумды қолдайтындарын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: