Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Одан бөлек, Президент «1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/443853-memleket-basshysy-bir-atar-za-a-ol-ojdy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!