Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020-2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылғы ақпаннан бастап Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!