Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мен сайлауға барамын

12.11.2022

859 0

Қаламыздың даму кезеңдері әртүрлі салада еңбек етіп, халықпен тығыз жұмыс жасадық. Еліміздің, туған қаламыз Қызылорданың өркендеуінің куәсі болдық. Мемлекетіміздің болашағының жарқын болғанын қалайтын азамат ретінде осынау жауапты кезеңде мен сайлауға баратынымды жеткізгім келеді.
Кез келген жетілген қоғам үшін Президент сайлау айтулы іс-шара.
Бұл сайлауда, елімізді алысқа баратын, халқының қамын жейтін, елім десе жан салатын көшбасшы сайлау – біздің ертеңгі тату-тәтті, ашық аспан астында емін-еркін жұмыс істеп, өмір сүруіміздің кепілі бола отырып және де Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажет!
Сондықтан, осынау елдік істен шет қалмай сайлауға қатысып, бәріміз ынтымақта болып, белсенділігімізді көрсетіп, елдің баянды болашағы үшін жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын.
Біздің болашағымыз, біздің еліміздің болашағы – біздің қолымызда!

Кәрімбаев Мұхиджан Исмаилұлы,

Қалалық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: