Жұма, 27 желтоқсан, 04:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Мұнайдың қызығын кім көріп отыр?» – Депутат

26.11.2024

222 0

Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров бүгін мұнай саласы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Мұнайдың дәуірі аяқталуға жақын. «Жаңа Қазақстан келгеннен бері мұнайдың қызығын кім көріп отыр?» деген сұрақ әлі күнге дейін елді мазалайды. Мысалы, «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясы бар. Одан «Каспий Шиппинг» деген қазақстандық компания тендер жеңіп алған. Оның орнында бұрын «Еуразия» деген Қазақстанның олигархтарына тиесілі компания болған. Енді «Қаражанбасмұнай» 3 ай бойы («Каспий Шиппингті») өз жұмысына кіргізбей жүр. Дәл қазір елімізде осындай жағдай болып жатыр. Осында отырған «Қазмұнайгаз» АҚ басшысына телефон соғып, сөйлесу мүмкін емес. Меніңше, осы жерде отырған адамға хабарласқаннан, Құдайға хабарласу оңай сияқты», – дейді Ерлан Саиров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: