Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мұнайшылармен тілдесті

13.12.2020

1148 0

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Мұса Абдукаликов   «Торғай Петролеум»  АҚ-ның  жұмысшыларымен кездесті.  Ол мұнайшылармен онлайн форматта тілдесті. Шараға мұнай саласының мамандары қатысты.

          Кездесуде Мұса Жақыпұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар қаламызды дамыту бағытындағы ауқымды жоспарлармен бөлісті.  Онлайн бағыттағы жүздесуде мұнайшыларды алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыға салынды. Жиында мұнайшылар тұрғын үй, жол және газ мәселері  бойынша сұрақтар қойды.

          Сондай-ақ, мұнайшыларға тиесілі әлеуметтік мәселелердің негізділеріне тоқталып, аталмыш салаға болашақта енгізілетін жаңалықтарды ескеру керегі де айтылды.

          Айте кетейік, сайлауалды бағдарламада мұнай саласының ілгерлеуі бағытында айқын жоспарлар нақтыланған.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Қызылорда қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: