Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Наталья Мишукова: Конституциямызда адам құқығын қорғау жан-жақты қарастырылған

25.05.2022

924 0

«Атамекен» ҰКП басқармасының мүшелері барлық өңірдегі кәсіпкерлермен кездесіп, референдумға қатысты түсіндірме жүргізді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Наталья Мишукова жалпы референдумды қолдайтынын, қатысу азаматтық міндеті екенін айта келе, қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты пікір білдірді.

«Қазір қоғамда тіл мәселесі жиі көтеріліп жүр. Ол түсінікті де. Оның кәсіпкерлікке зардабы туралы айтатын болсам, бізде заң бірінші орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне аударылады. Сот, өзге де проблема болған кезде орыс тіліндегі нұсқасы қолданылады. Сол себептен құжаттардың бірінші қазақ тілінде жазылуын сұраймыз. Екіншіден, қазақша сөйлеуді өзімізден бастайық», – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Наталья Мишукова.

Сондай-ақ, Наталья Мишукова еліміздегі Конституция азаматтардың құқығын қорғау жағынан барлығын жан-жақты қамтыған, әлемдегі құнды құжаттардың бірі деп санайды. Тек оның іс жүзінде орындалғанын қалайды.

Өңірлік кеңес мүшесі Болат Нұрхожаеве лдің басты құжатында кәсіпкерлікке қатысты оң өзгерістер болғанын қалайтынын айтып, алдағы уақытта Конституцияға енгізілген өзгерістерге орай қабылданатын заңдарда осы жағын «Атамекеннің» заңгерлері ескеруін сұрады.

Айта кетейік, онлайн өткен шараға Қызылорда облысынан Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов пен Өңірлік кеңес мүшелері қатысты.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: