Кезектен президент сайлауында дауыс берген Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрағына жауап беріп, Кәсім Мәсімов жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Экс-президент тергеу мен сот нәтижесін күтіп отырғанын айтты.
«Мені де қатты қызықтырады, мен де сот пен тергеудің аяқталғанын күтіп отырмын және мұның артында кім тұрғанын білгім келеді. Мәсімов ұзақ жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеді, бірақ қайдан білесің. Иса да жанындағы Иуданың сатқын екенін білмеген. Біз Құдай емеспіз ғой, сондықтан соттың аяқталуын күтеміз», – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!