Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Назарбаев жауапқа тартылу керек» – Парламент мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи

26.06.2024

325 0

Сурет:massaget.kz

Парламент мәжілісінің депутаты, журналист Ермұрат Бәпи «Qazaq Airan» Youtube-жобасына берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тарту керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Депутат бұрынғы мемлекет басшысының 30 жылдық билігін толық саралағанын жеткізді.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылдық билігін саралай келе айтатыным, ол міндетті түрде жауапқа тартылуы керек адам. Ол жауап беруі керек. Бірінші, өзінің ашық тұрпатымен, халықтың алдында есебін беруі керек. Ол алды да кетіп қалды, осы елді жеткіздім, үйттім-бүйттім деді де кетіп қалды. Ал енді артында мұрасы қалды ғой. Ол мұраның бәрі авторитарлық биліктің ең бір сұрқия мұрасы қалды. Сондықтан оны көптеген мәселеге қатысты жауапқа тарту керек. Мәселен, қудаланған саясаткерлер, атылып, айдалып кеткен саясаткерлер, елдің осындай ұрлық, таран-таражға түсуі, халықтың байлығын, қазынасын жеке дара, өзінің дегеніне салып, тіпті Ұлттық банктегі қаражатты жеке адамдарға беру мәселесінің бәрін қарастыру керек. Экс-президент Нұрсултан Назарбаевқа қойылатын сұрақ өте көп», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: