Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы референдум туралы көзқарасын айтты

30.05.2022

923 0

 Нұрсұлтан Назарбаев белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа сұхбат беріп, алдағы референдум жайында ойымен бөлісті. 

Сұхбат барысында Әшімбаев түзетулер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесіне қатысты өзгерістер де бар екенін атап өтті. 

Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты. 

«Иә, 5 маусымда Конституция берген құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы – қатып қалған құқықтық реликт емес, қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген. 

Бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санаймын. Мені, бәріңіз сияқты болып жатқан жағдайдың бәрі мемлекет пен біздің халқымыздың мүддесі үшін болғаны алаңдатады», – деді Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «артында халқы мен елі үшін» не қалдыратыны әрқашан бәрінен де маңызды екенін атап өтті.

«2019 жылы саналы қадам жасап, көпшіліктің қарсылығына қарамастан Мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Халықтық қолдауымен кеттім. Мұны 2015 жылғы соңғы президенттік сайлау дәлелдейді, ол кезде мен 97,7 пайыз дауыс алдым. Иә, менде белгілі бір өкілеттіктер қалды. Бірақ бұл тегіс саяси транзит үшін және қоғам мен билік элитасында болуы мүмкін қайшылықтарды жеңілдету үшін жасалды.

Конституцияға сәйкес президент ретіндегі өкілеттілігімді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырдым. Кейінгі жалпыхалықтық сайлауда ол жеңіске жетті. Осы жылдар ішінде мен оның еліміздің реформалануы мен одан әрі дамуы жөніндегі іс-әрекеттерін жан-жақты қолдадым. Бұл жолы да қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады», – деді Назарбаев.

Саясаттанушы Назарбаевтан заңсыз байыды деген күдікке ілінген туыстары туралы не ойлайтынын сұраған.

«Біз ұзақ жыл бойы Қазақстанда құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидаты: заң – бәріне ортақ. Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек. Оның кінәсі сотта дәлелденуге тиіс. Әр азамат заңды түрде қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн», – деді Назарбаев сұхбатында.

Сондай-ақ, президенттік жылдарында халқымыз үшін үлкен жұмыстар атқарылғанын, кейбіреулер мұны ұмытып кететінін жеткізді. 

“Халықтың дана екеніне және бәрін есте сақтайтынына сенімдімін. Қазақстан саяси да, экономикалық та халықаралық процестердің толыққанды қатысушысына айналды. Тәуелсіздік жылдары елімізге 360 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) деректері бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1993 жылғы 5,15 млрд.доллардан 2020 жылы 164,79 млрд. долларға дейін 32 есе өсті. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 1993 жылғы 304,85 доллардан 2020 жылы 8,7 мың долларға дейін 28 есе өсті”, – деді экс-президент. 

Бұнымен қоса Қазақстан экономикасының көлемі Орта Азияның барлық елдерінің экономикасынан 2 есе артық екенін еске салды.

“Біз 1991 жылы неден бастадық және бүгінге дейін не нәрсеге қол жеткіздік. Жер мен көктей. Тәуелсіздігімізді нығайттық. Барлық көршілерімізбен шекараны анықтадық және қазіргі уақытта бізге қатысты кез-келген аумақтық шағымдар толығымен алынып тасталды. Тәуелсіз болу үшін мемлекет әлем мойындаған шекараларға, өзінің соғысқа қабілетті армиясына, ұлттық валютасына, халықаралық мойындауға ие болуы керек. Мұның бәрі бізде болған жоқ. Бұған менің президент болған жылдарымда және менің басшылығыммен қол жеткізе алдық”, – дейді Назарбаев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: