Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нық қадам, нақты бағыт

01.09.2021

886 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында қоғамның барлық саласы қамтылған. Президент бұл Жолдауында татулық пен тұрақтылықтың ел дамуында маңызы зор екендігін баса айтты.

Жолдауда атап айтылғандай, ел экономикасына серпін беретін қайсыбір салаға болмасын жаңашылдық қажет. Экономиканың қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлік саласына қолдау, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру,ғ ауылшаруашылығы саласына жеке-жеке тоқталды. Ең бастысы, Жолдауда аталған барлық мәселелердің шешімі де нақты көрсетілуі де алдағы уақытқа бағыт-бағдар, нақты іс-қимыл жоспары екені даусыз.

Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» екенін нақты айтты. Мемлекеттік тіл мәрбетесі – ел мерейі. Өйткені, тіл қай ұлттың боласын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Қазақ тілі – халықтың жаны. Қашанда оның мерейі үстем болуы міндетті.

Біз Мемлекет басшысының сындарлы сәтте оң шешім қабылдай алатын саясаткер екеніне көз жеткіздік. Ендігі кезекте ел дамуының жаңа белесін айқындайтын кезең туды. Сондықтан Жолдаудағы нақты шешім мен жүйелі тапсырма өз жемісін берері сөзсіз.

Шәріп Әбдірахманов,

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: