Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі бас консулымен кездесті

29.11.2024

21 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мажарстанның бас консулы Саболч Карой Сёкемен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы Сыр өңірінің инвестициялық және экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, өңірде шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Мажарстанға сапары кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен мажарстандық компания арасында елімізде құрама жем зауыттарын салу туралы келісімге қол жеткізілді. Аймақ басшысы аталған зауыттың біреуін Қызылорда облысына салудың артықшылықтары мен тиімді тұстарын атап өтті.
«Кейінгі уақытта аймақта мал және құс шаруашылығы өркендеп, жемге деген қажеттілік артып келеді. Өткен жылы қуаттылығы 1,5 мың тонна болатын құс фабрикасы іске қосылды, сүт және сүт өнімдерін өндіретін 7 кәсіпорын жұмыс жасауда. Мұнан бөлек, қуаттылығы 3 мың тонна құс фабрикасы, сүт фермасы және құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт салынуда. Облыста екі миллионнан астам мал басы тіркелген, көрші Түркістан облысында 10 миллион, Ақтөбе облысында 2 миллиондай бас мал бар. Жалпы алғанда, үш өңірдің нарығын қамтуға және тиімді логистика арқылы шетелге экспорттауға мүмкіндік туады. Өңірімізде жаңа жобаларды орналастыру үшін 6 индустриялық аймақ құрылғанын және дамыған инфрақұрылымы бар 300 гектардан астам жер телімі дайындалғанын атап өткім келеді. Біз жаңа серіктестермен ашық және сенімді қатынас орнатуға әрдайым дайынбыз!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Өз кезегінде бас консул аймақ басшысына алғысын білдіріп, тиімді әріптестік орнатуға ынталы екенін айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: