Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент сайлауында №263 учаскеге барып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
- Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын бұл күнде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Жерлестеріміз ел келешегі үшін бірлік танытып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін,- деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, аймақта 373 сайлау учаскесі және 482934 сайлаушы бар.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!