Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 08:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Оң өзгерістер орын алады

01.03.2022

832 0

Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде  партияны  ресми түрде «Аманат» деп атауды толық қолдайтынын мәлімдеді.

Съезде айтылғандай,  «Nur Otan» партиясының атауына ребердинг  жасалып, «Аманат» болуы оң өзгерістер әкеледі деген сенімдемін.

Өз сөзінде мемлекет басшысы атауға қатысты бірнеше ұсыныс болғанын атап өтті. Егемендіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ Президент партия жұмысын жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, Мәжіліс пен мәслихаттарда жаңа бағыт керек деп атап өтті. Партия жанында түрлі кеңес пен комиссиялар баршылық болғанмен, оларда мәселелер қайталанып талқыланады. Алайда нақты шешімдер сирек қабылданады деп сынға алды.

Мемлекет басшысының съезді қысқа уақыт аралығында өткізу туралы шешімі –  мемлекет алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлерге берген жауабы болды. Бұл ең алдымен Президенттің елдегі оқиғалардан қалыс қалмай, саяси бастамалардың негізгі көзі екенін тағы бір дәлелдейді.

Есенжол Назаров

«Nur Otan» партиясы Тұран филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: