Дүйсенбі, 25 қараша, 05:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Онлайн петиция институтын заң жүзінде рәсімдеуіміз керек – Президент

15.01.2021

731 0


Онлайн петиция институтын да заң жүзінде рәсімдеуіміз керек. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтыншы – азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау. Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Заңға қол қойдым. Сол арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттігін едәуір күшейттік», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті енді азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалатындығын айтты.

«Бұл – талқыланып жатқан қоғамдық бақылау туралы заң. Біз онлайн петиция институтын да заң жүзінде рәсімдеуіміз керек. Бұл бастамалардың мақсаты – мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру, шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: