Сәрсенбі, 27 қараша, 20:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Оны алғаш рет Бейжіңде көрдім – Назарбаев Тоқаевпен қалай танысқанын айтты

02.07.2021

1125 0

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі мемлекет басшысының Қазақстандағы дипломатиялық карьерасы қалай басталғанын еске түсірді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен таныстығы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы кезінде дипломат қызметіне Қазақстанның атынан өкілдік ете алатын кандидат іздегенін атап өтті. Ол 1991-1992 жылдары Қазақ КСР-нің КСРО-дағы өкілетті өкілі Қанат Саудабаев болғанын еске түсірді. Алайда ол мұндай қызметке қажет шетел тілдерін білмеген.

«Ол (Михаил Горбачев) оны тағайындады, алайда барып үлгермеді, Горбачев келгеннен кейін Кеңес Одағы ыдырады. Сол жолы алғаш рет қазақты дипломатиялық қызметке ұсындым деуге болады. Осыдан кейін Саудабаев елші, дипломат болып жұмыс істеді», – деді Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінің төртінші бөлімінде.

Қанат Саудабаев 1992-1994 жылдар аралығында Қазақстанның Түркиядағы елшісі болды.

«Ол кезде көпті көрген адамдарды жіберу керек болды. Тіл білмесе, аудармашы бар,  әкімдерді, министрлерді жібердік.  Сол тұста мен Тоқаевты Мәскеуден шақырдым. Алғаш рет Бейжіңде көрдім, оны есімде сақтап қалып, байланыс орнаттым. Содан кейін, өзіміздің жеке сыртқы істер министрлігімізді құрған кезде оған бірден министр болып жұмыс істеу қиын болды – тәжірибесіз еді, Қазақстанды білуі керек еді. Мен оны Мәскеуден сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырдым. Ол бірнеше күн бойы ойланды, мен: «Бұл сенің елің, сен осында дүниеге келдің, алматылықсың ғой, келсеңші» дедім.  Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдады, жағдай осылай болды», – деді Назарбаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1993-1994 жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Осыдан кейін ол бес жыл сыртқы істер министрлігін басқарды. Тоқаев бұл қызметке 2003 жылы қайта оралды. Сонымен қатар әр жылдары премьер-министрдің орынбасары және парламент сенатының төрағасы болды. 2019 жылы ол Қазақстан президенті болып сайланды.

«Штрихи к портрету» – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көп сериялы деректі фильм. Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда, Қазақстанның Тұңғыш президенті күні жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: