Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Орталық мешіттің жанында құран өртеген жігіт ұсталды

22.05.2023

917 0

Ресейдің Волгоград қаласының тергеу комитеті мешіт маңында Құран өртеген адамның үстінен «діни наным-қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеудің мәліметіне қарағанда, ұсталған күдікті бұрын Украина қауіпсіздік қызметінде «жұмыс істеген». Бұл іс Шешенстанда тергеледі, Ресей әділет министрі күдіктіні «мұсылман халықтары көп аймақтағы колонияға жіберуді ұсынған.

Құран өртелген видео Волгоград қаласының орталық мешіті маңында түсірілген. 11 секундтық ролик орыс тіліндегі телеграм-арналарда таралған. 20 мамырда Ресейдің Федерациялық қауіпсіздік қызметінің күдіктіні ұстаған видеосы жарияланған. Видеоға қарағанда, Севастополь қаласында туған 19 жастағы Никита Журавель қарапайым курьер болып жұмыс істейді.

Тергеу нұсқасына қарағанда, 19 мамырда Журавель «Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасымен Құранды өртеген, сол үшін 10 мың рубль алатын болған. Күдікті кінәсін мойындаған, Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасымен әскери нысандарды суретке, видеоға түсірген». «Тыңшылық жасады» немесе «шетел агентімен байланыс жасады» деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғаны я қозғалмағаны туралы тергеу ақпарат бермеді» дейді «Кавказ.Реалии».

Діни наным-сенімді қорлағаны үшін күдікті үш жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннің тапсырмасымен бұл іс Шешенстанның тергеу қызметіне берілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: