Сейсенбі, 31 желтоқсан, 03:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Партиялар ел мүддесіне қатысты жақсы идеялар ұсынды

10.01.2021

5252 0

Таңертең ертелетіп №233 орта мектепте орналасқан №219 сайлау учаскесіне барып, ҚР Парламенті Мәжілісіне, облыс және қалалық мәслихатқа дауыс бердім.

Биылғы сайлауға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Басым бөлігінің пікірі оңды. Биылғы сайлаудың ерекшелігі жергілікті мәслихат депутаттары әрбір елді мекен сайлау округтері бойынша сайланбай, партиялық тізім бойынша сайланады.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлау бізде бүгінде жүзеге асып жатқандықтан көпшілікке түсінікті ғой деп ойлаймын.Енді шығып қалған депутаттар орнына бұрынғыдай көктем, күз айларында сайлау өткізудің, қосымша қаржы шығындаудың қажеті жоқ. Тізім бойынша әрбір партия босаған орындарын толықтырып отырады.

Сайлауға қатысып жатқан 5 саяси партияға тең мүмкіндіктер берілді. Бұрынғыға қарағанда партиялардың белсенділігі, сайлауға әзірлігі үгіт-насихат жұмыстары бойынша біршама жақсарған. Партиялар арасындағы бәсекелестік күшейген сайын олар халыққа жақын болуға тырысады, ел мүддесіне қатысты жақсы идеялар ұсынып, оны орындауға ерекше мән беретін болады.

Ең бастысы, ел бірлігін, тұрақтылықты сақтай отырып, алға қадам басатын боламыз.

Ибадулла Құттықожаев,

философия ғылымдарының кандидаты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: