Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

07.12.2020

919 0

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті.
Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.
Бақылау комиссиясының отырысын аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе, аудан тұрғындарына медициналық қызмет пен біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі бойынша болды. Бұдан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Абилов мәселе төңірегінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Отырыс барысында аудандық партия филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшесі Тілеп Ибайдулла Тілепұлы қазіргі таңдағы медицина саласының ақсап тұрған мәселелерін айтып, өз ұсынысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: