Жексенбі, 29 желтоқсан, 06:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Президент: Депутаттар халық мүддесін іс жүзінде қорғап, әрдайым табандылық танытуға тиіс

15.01.2021

707 0

Болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болады. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болады. Осы мақсатта электронды үкіметтің мүмкіндіктерін пайдаланған абзал. Парламенттің заң шығарумен қатар бақылау функциясы да бар екенін білесіздер. Оның тиімділігі халықаралық тәжірибеде дәлелденген», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің пайымынша, осы аса маңызды құзыретті тиімді пайдалану қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің институционалдық негізін едәуір орнықтырады.

«Бұл менің «күшті Президент, ықпалды Парламент, жауапты Үкімет» деп аталатын саяси формуламмен үндесіп жатыр. Депутаттар халықтың мүддесін іс жүзінде қорғап, әрдайым табандылық танытуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: