Жұма, 27 желтоқсан, 03:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Президент қордаланған мәселелердің басын ашып берді

19.02.2022

978 0

Президенттің сұхбатын бастан-аяқ тыңдадым. Мемлекет басшысы барлық сұрақтарға дипломатиялық тұрғыда жауап берді. Яғни кесе-көлденең жауап болған жоқ.

Сұхбат барысында өзекті мәселелер көтерілді. Соның ішінде саяси жағдайлардың қалай жүріп жатқанын да байқадық. Мәселен, бұрынғы кадрлардың отставкаға кетуі, биліктің жаңа құраммен толығуы тың өзгеріс дер едім.

Сөзсіз, бұрыннан келе жатқан кадларды түгелдей ауыстыру мүмкін емес. Бүгінде еліне, халқына адал қызмет етіп жүрген, талантты адамдар жетерлік. Жаңа Қазақстанды құруға бұл да үлкен демеу. Байқап қарасаңыз, қазіргі қоғамда қаншама кәсіби мамандар мен жаңаша ойлайтын кадрлар бар. Президентіміз солардың қатарын мейлінше көбейтуді көздейтінін байқадық. Одан бөлек, халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік ахуал, қаңтар оқиғасы, журналистердің қазіргі жайы, жалпы қозғаусыз қалған дүние аз болды. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысы елде қордаланып қалған мәселелердің басын ашып берді. Сондай-ақ «Жаңа Қазақстанда» үлкен өзгерістер болатынын тілге тиек етті. Енді Мемлекет басшысы жаңа саяси реформасына тезірек кіріссе, ел сол реформаның игілігін көрсе болды.

Кенжалы ЕРІМБЕТОВ,

ардагер журналист

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: