Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Президент Ұлттық құрылтай құру туралы жарлыққа қол қойды

15.06.2022

845 0

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану» туралы жарлыққа қол қойды.

Өз жарлығымен ол ұлттық құрылтай туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ұлттық құрылтайдың құрамы:
Төраға – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;
Төрағаның орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин;
Төрағаның орынбасары – «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай;
Хатшы – президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.

Сондай-ақ ұлттық құрылтай мүшелерінің арасында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев, саясаттанушы Данияр Әшімбаев, блогер Максим Рожин және басқасы бар. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді.

Еске салсақ, мемлекет басшысы 2022 жылдың 16 наурызында Қазақстан халқына арнаған жолдауында билік пен қоғам арасындағы көпір ретінде ұлттық құрылтай құруды ұсынған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: