Жексенбі, 24 қараша, 19:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Президент VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты

15.01.2021

1029 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан кейін Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойнады. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы үндеу жасауда.

«ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шы шақырылымдағы Парламенттің 1-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР Президенті.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.

Айта кетейік, 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісіне еліміздегі 3 саяси партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары депутат болды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы 76, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 12, Қазақстанның халық партиясы 10 мандат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: