Сенбі, 21 желтоқсан, 23:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Президентке қатысты шектеу министрлер мен әкімдерге қолданыла ма?

21.04.2022

667 0

Әшімбаев алдымен президентке қатысты шектеулерді рәсімдеп алу керек деп санайды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев президентке қатысты шектеулерді министрлер мен әкімдерге қолдану мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алдағы уақытта конституциялық реформа аясында президенттің жақын туыстарын мемлекеттік және квазимемлекеттік салада басшылық қызметке тағайындауға тыйым салынады.

Журналистер сенат төрағасынан осы шараны министрлер мен әкімдерге қолдану мәселесін сұрады.

Әшімбаевтың айтуынша, оны қарастыруға болады.

«Президентке қатысты мәселелер конституциялық реформа аясында қаралып жатқанын білесіздер. Басқа тұлғаларға қатысты, министрлер ме, әкімдер ме, оны қарау керек шығар. Бірақ қандай формада, қалай болады, бұны айту қиын», –  деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.

Әшімбаев алдымен президентке қатысты шектеулерді рәсімдеп алу керек деп санайды.

«Қазір арнайы жұмыс тобы құрылды. Біздің сенаторларымыз да қатысуда. Конституцияға үлкен өзгерістер енеді. Содан кейін бұндай мәселелердің бәрін басқа заңдарда да қарастарамыз. Бірақ қандай формада болатынын сол заңдарды талқылаған кезде ақылдасайық. Сол кезде мен сіздерге ақпарат беремін», – деп атап көрсетті Әшімбаев.

SN.KZ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: