Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қалалық мәслихат сессиясынан: «Әкім іскер болса, ауылда қаржы болады»

26.10.2021

990 0

Қызылорда қалалық мәслихатының мәжіліс залында VII шақырылған қалалық мәслихатының кезектен тыс XII сессиясы өтті. Сессия отырысына мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі ауыл бюджеті мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасады.

– Бүгінгі сессияға қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің ішкі жұмыстарымен мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын ұлғайту үшін бюджеттен қаржы бөлуді ұсынып отырмыз. Мәселен, Қызылжарма ауылдық округі әкімі мемлекеттік қызметшілердің шілде айынан бастап еңбекақысының өсуіне орай, облыстық бюджеттен 4 491 млн теңге, қалалық бюджеттен 4 491 млн теңге қаржы сұрауда. Сондай-ақ Әбенов көшесіне түнгі жарық шамдарын орнатуға жоба сметалық құжаты мен сараптама қорытындысын алуға 300 мың теңге, Досхожин көшесіне спорт алаңын салуға жоба сметалық құжатын әзірлеуге 327 мың теңге тағы осы сияқты жұмыстарға қаржы керек. Сонымен бірге өзге де кент пен ауылдық округтерге бюджет бөліну керек, – деді бөлім басшысы.

Сессия барысында халық қалаулылары қаралған қаржыны жан-жақты талқылады. Сондай-ақ кент және ауылдық округтердің әкімдері жеке-жеке бөлінетін қаржының қай салаға бағытталғанын түсіндірді. Депутаттар әкімдердің жауабына толық қанағаттанбай, алдағы уақытта тыңғылықты дайындалып келуін ескертті.

Сонымен қатар депутаттар өздерінің ұсыныс-пікірлерін де айтты. Мәселен, жоба-сметалық құжаттары мен сараптама қорытындысына қанша қаражат бөлінуде? Бұл жұмыстар қаншалықты деңгейде жүзеге асып жатыр? Оған бөлінген ақша желге ұшып жатқан жоқ па, деген сауалдарды қойды. Халық қалаулылары бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне алдағы сессияда осындай мәселелер талқыланатын болса, толық дайындықпен келуді сұрады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қызылорда қаласы әкімінің аппарат басшысы Жанмұрат Сейілов баяндама жасады.

«Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 21 сәуірдегі №43-6/12 шешіміне кадрлық өзгерістер енгізілу туралы ұсыныс айтылып, жаңа құрам бекітілді.

Кезекті сессия соңында халық қалаулылары қаралған екі мәселені де қолдады.

Ақмарал МЫРЗАҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: