Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қарақат Әбден неліктен президенттікке үміткер болғанын айтты

10.10.2022

940 0

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Президенттікке үміткерлердің арасында әзірге жалғыз әйел кандидат ретінде тіркелген Қарақат Әбден құжаттарын тапсырып болғаннан кейін, ОСК-ның баспасөз залында БАҚ өкілдерімен кездесті.

Журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде Қарақат Әбден мұндай шешімді әлдекімдердің ықпалымен емес, өзі қабылдағанын айтты.

«Бұл – менің өз жеке басымның шешімі. Мені ешкім мұндай қадамға итерген жоқ. Бұл менің өзімнің шешімім, өзімнің ұстанымым», – деді ол.

Десе де қоғам қайраткеріне президенттікке үміткер болу туралы ұсынысты, ең алдымен, «Әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» қоғамдық бірлестігі айтқан екен. Сондай-ақ Қарақат Әбден саясаткер ретінде ешқандай сын-қатерден қорықпайтынын жеткізді.

«Ұсынысты маған қоғамдық бірлестік айтты. Мен олардың айтқанымен келістім. Ол қоғамдық бірлестікпен біз көп жылдан бері қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз. Қарастырып жүрген мәселелеріміздің бәрі бір. Сондықтан да олардың мұндай ұсынысына бірден келістім, қуана келістім. Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Ал енді болашақтағы сайлаудың нәтижесі қандай болатыны әзірге белгісіз. Менің ойымша, саясаткер қорықпауы керек, әрқашанда дайын болуы керек. Мұндай лауазымға үміткер болу оңай емес, толқып тұрғаным рас», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: