ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мемлекет басшысы өз таңдауын елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде жасады.
«Заңнама бойынша Үкімет отставкаға кетуі керек. Мен сайлау аяқталғаннан кейін фракция жетекшілерімен, Премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатурасы бойынша депутаттардың жаңа құрамымен кеңесу үшін Парламентке барамын», – деді Президент.
Айта кетерлігі, Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия кандидаттары қатысып жатыр. Олар: «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы».
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!