Жексенбі, 24 қараша, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан әскерден қашқан ресейліктерді елдеріне қайтара ма – министр жауабы

27.09.2022

852 0

Ресейдің әскери комиссариаттары азаматтарына іздеу салса, бұл оларды Ресейге табыстауға құқықтық негіз болмайды. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осындай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан әскери мобилизациялаудан қашқан ресейліктер елдеріне қайтара ма?», – деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министрдің айтуынша, экстрадиялау шарасы қылмыстық іс қозғалған адамдарды ғана қамтуы керек.

«Бізде Ресеймен құқықтық көмек көрсету туралы – сотталғандарды алмасу және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша келісімшарт қатынасы бар. Ең негізгі қағидат – біз жақта да,ол тарапта да бұл қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болуы керек. Оған қоса халықаралық іздеу жарияланған азаматты сұратып отырса, Қазақстан аумағында өзге кедергілер болмаса, анықтап, экстрадициялау тәртібі бойынша Ресей Федерациясына тапсырамыз»,- деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да Минск конвенциясының аясында да, құқықтық көмек көрсетудің Парламенттер ратификациялаған келісімі аясында да күн сайын адам алмасу жүріп жатқанын атап өтті.

«Бұл жерде әскери мобилизация туралы әңгіме жоқ. Мен жұмылдыру туралы айтып отырған жоқпын. Тіркеліп, санкцияланған, халықаралық іздеу жарияланған қылмыстық заң бұзулар туралы айтып отырмын. Ресейдің әскери комиссариаттары іздеу салатын болса, бұл оларды Ресейге табыстауға құқықтық негіз болмайды», – деді министр.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: