Бейсенбі, 21 қараша, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Парламенті 345 миллион еуро қарыз алу туралы заң қабылдады

17.11.2022

664 0

Сенатта Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2022 жылғы 24 тамызда Астанада Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) арасында 345,7 миллион еуро көлемінде несие беру туралы келісімге қол қойылды.

Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді.

«Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.

Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25 пайыз құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады», – деді Ерұлан Жамаубав.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: