Бейсенбі, 28 қараша, 04:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды

07.06.2022

856 0

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды. Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды

Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-механик», Д.А. Қонаев атындағы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

2004 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, 2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін заңтану мамандықтарын тәмәмдап, 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы болған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі (А корпусы); 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

2021 -2022 жж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

2022 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен «Құрмет» Ордені «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: