Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда сайлау заңнамасын бұзудың 30 фактісі тіркелді

11.12.2020

1104 0

Электоральды кампания алдында елімізде сайлау заңнамасын бұзудың 30 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, қоғамдық пікірге сауалнаманы тиісті талаптар бойынша, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарлаған ұйымдар ғана жүргізе алады. БАҚ сауалнама жүргізетін адамдарды және оған тапсырыс берген адамдарды көрсетуі керек. Электоральды кампания алдында бұл бағытта біз сайлау заңнамасын бұзудың 30 жағдайын тіркедік. Оған қатысты материалдар тиісті органдарға жолданды», – деді Кемелбек Ойшыбаев.

Вице-министр сонымен қатар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялау тәртібіне де тоқталды.

«Сонымен бірге қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнаманың нәтижесі, сайлау нәтижесіне байланысты болжамдар, басқа да зерттеулер дауыс беру күніне бес күн қалғанда және дауыс беру күнінде жарияланбауы тиіс. Бұған дейін айтылғандай, тыныштық күні үгіттеу мақсатында БАҚ-қа кез келген материалды жариялауға тыйым салынады», – деді Кемелбек Ойшыбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: