Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы сайлау басқа елдерге үлгі болуы тиіс – Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты, «Iyi» партиясының өкілі, ЕКПА мүшесі Зеки Хакан Сыдалы

10.01.2021

5099 0

Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты, «Iyi» партиясының өкілі, ЕКПА мүшесі Зеки Хакан Сыдалы Қазақстандағы өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында алған әсерлерімен бөлісіп, сайлау учаскелеріндегі өз бақылаулары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Бұл менің Қазақстандағы бақылаушы ретінде қатысып жатқан екінші сайлауым. Биыл да сайлау ашық өтуде. Біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатын әрдайым белсенді қолдасақ, ал қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық бастамаларын қолдаймыз. Мен оппозицияның маңыздылығын түсінемін және сайлаудан кейін оппозиция адамдардың пікірін еркін білдіру үшін Парламентте көбірек орын алады деп үміттенемін», – деді Зеки Хакан Сыдалы.

Халықаралық бақылаушының айтуынша, сайлау учаскелерінде ашықтық пен тыныштық байқалады.

«Бүгін күн суық, және барлық жерде пандемия болып жатқанын білеміз. Мұндай жағдайда сайлау өткізу қиын. Бірақ мен Қазақстанның осы кезеңде қауіпсіз сайлауды сәтті өткізіп жатқанын байқадым. Барлық санитарлық шаралар сақталуда, сайлаушылардың бәрі әлеуметтік қашықтықты сақтайды, мүгедектігі бар адамдарға дауыс беру үшін арнайы орындар ұйымдастырылғанын байқадық. Сондай-ақ, біз басқа елдер мен Қазақстанның бақылаушыларымен сөйлесе алдық және сайлаудың қалай өтіп жатқанына өз бағамызды бердік. Халықтың түрлі топтарының айтарлықтай жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрдік, сондай-ақ сайлаудың демократиялық түрде өтіп жатқанын, адамдардың өз пікірін білдіруге мүмкіндігі бар екенін көрдік, барлығы тиісті түрде өтіп жатыр. Кешке дейін күннің бәрі осы қарқынмен өтеді деп сенемін. Бұл Қазақстанның демократияға қарай жасаған маңызды қадамы болады, бұл басқа демократиялық елдерге де әсерін тигізеді, сайлауды өткізуде үлгі болады», – деп атап өтті Түркия Республикасынан келген халықаралық бақылаушы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: