Қазақ «Бірлігі мықты ел озады» деп ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің маңызына терең тоқталған. «Тас түскен жерге ауыр» десек те, су алған аймақтардың қиындығын Алтай мен Атырау арасындағы әрбір отандас бірге сезінеміз. Біздің күшіміз – бірлікте. Ел Президентінің бұл бағыттағы әрбір бастамасына қолдау көрсетуіміз керек. Қазір жер-жерде гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ашылды. Біз, қызылордалықтар да бұл мәселеге үн қосамыз. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда» ғана қиындық жеңілдейді.
Мейрамбек Есжанов,
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!