Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт ата атындағы университетте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

23.05.2022

857 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Конституциялық реформа және жаңа Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиында ҚР Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулердің мәнін түсіндірді.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдар докторы МұратБақтиярұлы, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Бейбіткүл Кәрімова және профессор-оқытушылар қатысты.
Конференция барысында «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев , облыстық «Рухани жаңғыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, саяси ғылымдарының кандидаты Саулет Сахиев, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ерлан Алтаев, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Дәулет Омаров, «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Абай Шайнұров, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Айнұр Исаева, «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Жанна Исаева, «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Мұрат Смайлов баяндама жасады.
Айта кетейік, 5 маусым күні елімізде республикалық референдум өтеді. Осыған орай сенаторлар өңірлерді аралап, алдағы референдумның маңыздылығы және Ата заңға ензілетін өзгерістердің мән-жайы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

                                                                                  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 

университетінің медиа орталығы

Қорқыт ата атындағы университетте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: