Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Құқық қорғау органдарының жұмысын барынша өзгерту қажет – Президент

15.01.2021

808 0

Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметі туралы ақпарат қоғам үшін неғұрлым қолжетімді болуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Сот қызметі туралы ақпарат қоғам үшін неғұрлым қолжетімді болғаны жөн. Құқық қорғау органдарының жұмысын да барынша өзгерту қажет. Бұл мәсле жөнінде Жолдауымда нақты айттым. Біз азаматтармен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін енгіземіз. Қоғамдық қауіпсіздік жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Парламент заң үстемдігі, адал бәсеке және жекеменшікті қорғау қағидаттарының құқықтық негізін нығайта түсуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бұл қағидаттар мүлтіксіз орындалатынын атап өтті.

«Бүгінде бірқатар заңнамалық ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен, әлі де көптеген тың бастамалар көтеріп, заңдар қабылдау қажет», – деді Қ. Тоқаев.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: