Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысына РАТТ мүшелері келді

07.10.2021

796 0

5-6 қазан аралығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті жанындағы РАТТ мүшелері аймақта мемлекеттік дін саясаты бойынша облыс тұрғындарымен ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысына РАТТ мүшелері келді

Жоба аясында РАТТ мүшелері – ҚР АҚДМ Дін істері комитетініңДінтану сараптамасы басқармасының басшысы Н.Қабылов, «Нұр-Мұбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты, аға оқытушы Р.Батталұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйелдер қыздар секторының меңгерушісі А.Тілегенова және Алматы облысы дін істері басқармасы Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының бөлім басшысы Е.Матаев жазасын өтеушілермен, мешіт жамағатымен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар және студенттермен, «Жусан» жобасы аясында елге оралған әйелдер және әйелдер жамағатымен сонымен қатар облыстық, қалалық АТТ мүшелерімен кездесіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысына РАТТ мүшелері келді

Сондай-ақ кездесу барысында Қызылорда облысының дін мәселесі жөніндегі арнайы құрылған өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы талқыланды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынымына сәйкес өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерімен, жастар және жастар ұйымдарымен, діни бірлестіктер және діндарлармен және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жазасын өтеушілер және олардың туыстарымен кездесушілер тобы ретінде 4 бағытта жұмыс атқарады.

Қызылорда облысына РАТТ мүшелері келді

Бүгінгі таңда аймақта құрамның арнайы жұмыс жоспары бекітілген. Түрлі сала өкілдерінен 245 адам тартылып, 9 ақпараттық-түсіндіру тобы жүйелі түрде жұмыс істейді.

Қызылорда облысына РАТТ мүшелері келді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: