ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Үкімет басшысы мәслихат депутаттарына Қызылорда облысының әкімі лауазымына Нұрлыбек Нәлібаевты тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсыныс-хатын оқып берді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!