«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандарында байқаушыларға оқыту семинарларын жүргізді. Семинарға барлығы 1300-ден астам байқаушылар қатысты.
Ең алдымен Ж.Тұсмағамбетов: «Референдум қазақ халқының құқықтық қайнар көзі. Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша біз жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Барша қазақстандықтар референдумға белсене атсалысуы қажет деп санаймын», -деп атап өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының, «Референдум туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары, сайлау процесіне қатысушылардың рөлі және референдум өткізілетін күнгі байқаушылар институтының маңыздылығы қаралып, жан-жақты түсіндірме берілді.
Филиал өкілдері алдағы аптада Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарында байқаушыларға семинарлар өткізеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!