Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Референдум маңызын түсіндірді

17.05.2022

1041 0

Сыр өңіріне Мәжіліс депутаттары, республикалық АНТ мүшелері жұмыс сапарымен келді. 5 маусымда Қазақстанның болашағын айқындайтын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Мәжіліс депутаттары алдағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.

Жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмысы барысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев Т.Жүргенов ауылы «Ер-Әлі» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді. Онда Мәжіліс депутаты егіншілерге алда келе жатқан референдумды қолдаудағы ақпараттық-насихаттық жұмыстармен таныстырды.

Мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі пайда болып, елдегі саяси ахуалға жаңа леп болатын Конституциялық Референдум өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі. Сондықтан да әрбір азамат дауыс беру арқылы өз таңдауын жасауға құқылы.

– Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Ол биліктің өкілді тармағын (Парламент, мәслихат) айтарлықтай күшейтеді. Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демокра­тиялық үдерісті үдете түсетіні сөзсіз, – деді халық қалаулысы.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы респбуликалық  штабының  мүшесі  Балайым Кесебаева кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуда жалпыхалықтық референдумның қоғам­дық-саяси маңызы туралы айтып, конституциялық рефор­маның жаңашылдықтарына тоқталды.

 – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. Бірнеше рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент ар­қылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет болып отыр. Өйткені конституцияның 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші. Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да үлкен-үлкен мәселелер бар. Бастысы, «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін прези­денттік басқару үлгісі енгізілгелі отыр, – деді кез­десудің маңызыдылығына тоқталған  республикалық штаб мүшесі  Балайым КесебеаеваТуғанбайқызы.

Жиында жергілікті кәсіпкерлер өздерінің пікірлерін, ойларын ортаға сады. Олар заңнамалық өзгерістерде қарапайым халықтың ұсыныс пікірі ескерілсе дейді. Себебі алдағы конституциялық референдум тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн болмақ.

Референдумның маңызын түсіндіру жұмыстары Жалағаш ауданында жалғасты. Мұнда Парламент Мәжі­лісінің депутаттары, республикалық штаб мүшелері Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Жалағаш кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында аудан тұрғындарымен кездесті. Онда бірқатар әлеуметтік мәселе талқыланып, алдағы референдум жайлы әңгімелесті. Тұрғындар депутаттармен пікірталасқа белсене қатысып, көптеген сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. 

Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлау­шылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева, облыстық маслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов «Шалхия ЦИНК» еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Басқосуда Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына қолдау білдіру қажеттігін атап өтті.

– Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқай­сысымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп түсінген жөн. Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлес қосу – әрбір тұрғынның міндеті. Сондықтан бұл жобаны қолдау арқылы Жаңа Қазақстан қалыптастыруға мүмкіндік бар, – деді облыстық маслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов.

 Конституцияға түзетулер енгізу бойынша 5 маусымда өткізуге ұсынылған республикалық референдум – қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі. Алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейді.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: