Сенбі, 21 желтоқсан, 21:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Референдум Қазақстанның болашағын айқындайды

25.05.2022

830 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Референдум Қазақстанның болашағын айқындайды» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың төрағасы Жандос Базартай саяси науқанға жауапкершілікпен қарауға шақырды.


«Ел Президенті халыққа Жолдауында алдағы уақытта саяси жүйеде түбегейлі өзгерістер болатындығын атап өтті. Нәтижесінде елімізде 5 маусым күні референдум өтеді. Жалпы референдумның негізгі мақсаты – ашықтық және халықпен кері байланыс орнату. Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бұл саяси науқанның маңызы зор»,-деді Жандос Нұртайұлы.


Конференция барысында облыстық қоғамдық штаб мүшелері, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері Садық Мұстафаев, облысқа белгілі жырау Берік Саймағанбетов, сонымен қатар «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айтжан Оразбақов, «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Жанна Исаева, «Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты» бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы баяндама жасады.


Айта кетейік, шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы-профессорлары, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің

баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: