Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сайлау: Дауыс беру күнінде мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызмет көрсетеді

31.10.2022

601 0

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының ережесін және жұмыс тобының жаңа құрамын бекіттік. Жұмыс тобының құрамына 19 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамдық бірлесіктерінің 17-і өкілі кірді», – деп атап өтті отырысты ашқан ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Осыдан кейін ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректерге сәйкес, сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сонымен қатар дауыс беру күнінде 253 учаскеге пандус, 525 учаскеге кіре берістегі тактильді белгі орнатылатындығын айтты.

«Учаскелердің 95,2 пайызында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы бұрыш жабдықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар учаскелердің 94,1 пайызында кабиналарды кресло-коляскамен жүретін азаматтарға қолжетімді қылып жабдықтау көзделіп отыр. Дауыс беретін күні инватакси қызметі жұмылдырылатын болады», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: