Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сайлау науқаны қыза бастады

25.02.2023

621 0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары кандидаттарын тіркеу қорытындысы және сайлау науқанын өткізу мәселелері бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.

– Облыс бойынша барлығы 516 сайлау комиссиясы орналасқан, онда 3382 комиссия мүшесі қызмет етеді. Оның 9-ы аумақтық (63 адам), 134-і округтік (670 адам), 373-і учаскелік (2649 адам) сайлау комиссиясы. Жалағаш және Сырдария аудандарында құрылған облыстық округтердің шекарасы әкімшілік бірлік аумағының шекарасымен тұспа-тұс келуіне байланысты бұл аудандардағы округтік сайлау комиссияларының қызметін аумақтық сайлау комиссиялары атқарады. Учаскелер мен округтердің комиссия құрамы, орны мен шекаралары мерзімді баспасөз басылымы мен әкімдіктің ресми сайтына жарияланды. 18 ақпан күні кандидаттарды тіркеу аяқталды, – деді Ә.Ерсұлтанов.

Жалпы облыс бойынша барлығы 590 кандидат ұсынылып, бүгінгі таңда 520 азамат тіркелді. Ә.Ерсұлтанов­тың айтуынша, Парламент Мәжілісіне ұсынылған 15 кандидаттың 10-ы (оның ішінде 6-ы өзін-өзі, 1-і қоғамдық бірлестік, 3-партия тарапынан ұсынылды) тіркелген. 2 аза­маттың өз өтініші негізінде құжаттарын тіркемеді. 3 азамат құжаттарын толық ұсынбады.

Сонымен, облыстық мәслихатқа барлығы 115 азамат тіркелді. Оның ішінде бірмандаттық негізде 49 азаматқа, партиялық тізіммен 66 кандидатқа («AMANAT» – 34, Ақ жол – 13, «Ауыл» – 4, «ҚХП» – 4, «Байтақ» – 4, «Республика» – 7 азаматқа)  тіркеу куәлігі берілді. Ал қала­лық мәслихатқа 81 азамат, аудандық мәслихатқа 314 азамат тіркелді. Орташа алғанда бір мандатқа 3,3 адамнан келеді. Ең үлкен бәсекелестік – 4  округте, бір орынға 5  адам­нан келеді  (1-і Арал, 3-і Жаңақорған аудандарында).

Тіркелген кандидаттардың  378-і ер, 68-і әйел. Ең жас кандидат 2001 жылғы, ең үлкені 1957 жылғы. Өз өтініші негізінде 58 үміткер құжатын кері қайтарып алды. Оның ішінде Мәжіліс – 2, облыстық мәслихат – 9, қалалық және аудандық мәслихат – 47.

Қазіргі таңда қала, аудан көлемінде 215 ақпараттық билборд ілінді. Сайлау туралы ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының фейсбук және инстаграм желісінде арнайы аккаунттар ашылып, ақпараттармен толықтырылуда. Сай­лаушылар тізімін өзектендіру және сәйкестендіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде және тұрақты бақы­лауда.

Сайлау науқанында азаматтар дауыс беру учаскесін нақтылау үшін  20 қаңтардан бастап, «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі іске қосылып, 109 call-орталығы өз жұмысын бастады. Мұнан бөлек, telegram-бот және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы тексеру мүмкіндіктері қолжетімді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: