Сенбі, 16 қараша, 03:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Сенат депутаты сауда орталығына келушілермен кездесті

24.05.2022

841 0

Аймағымызда жалпыұлттық референдумды қолдау бойынша іс сапарда жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова «Arai City» сауда орталығында келушілермен кездесу өткізді.

Сауда орталығында өткен кездесуге облыстық партия филиалы жанындағы штаб төрағасы Ләйлә Төрешова мен бірқатар штаб мүшелері де қатысты.Сенатор тұрғындармен жүздесу барысында жерлестеріне конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы жан-жақты түсіндіріп, маңызды деген сұрақтарға жауап берді.

«Бүкіл саяси, экономикалық жүйемізде, әлеуметтік өмірде жиналып қалған проблемаларды Ата заңымызды өзгертумен біз тепе-теңдік сақтауға, қайтаруға бағытталған үлкен реформаның алдында тұрмыз. Ашық талқылау өздеріңіз көріп отырсыздар. Осындай халық көп шоғырланатын ашық сауда орталықтарында кездесу өткізіп, әр топқа түсініктеме беріп, бұл референдумның маңыздылығы, өзгерістері туралы арнайы келіп түсіндірме жүргізіп жатырмыз. Алдағы ауқымды науқанға Сіздердің яғни сырбойылық тұрғындардың ұйымшылдықпен қатысатынына сенемін» деді Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: